«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжiндегi халықаралық серiктестiктi ұйымдастыру»
Кез келген елдiң кәсiби бiлiм берудiң ұлттық жүйесi iшкi және халықаралық еңбек нарығының талаптарына сай бәсекеге қабiлеттi кадрларды даярлауға кепiлдiк беруi тиiс.
Заман талаптарына сай алынған бiлiмдi жаңартып отырмаса, тез қолданыстан қалып қояды. Сондықтан 21 ғасырдағы бiлiм алу үздiксiз бiлiм алумен ұштасуы қажет.
Осы мәселенi шешу үшiн халықаралық ынтымақтастық аясында 2011 жылы Ж. Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылық колледжiнде Солтүстiк Орал сырты Түмен мемлекеттiк аграрлық университетiнiң өкiлеттiлiгi ашылды, инфрақұрылымы дамыған оқу-ғылыми кешенi бар: 8 оқу корпусы, студенттер қалашығы, атты-спорттық мектеп, оқу-тәжiрибелi шаруашылық. Мамандарды даярлауда 405 профессорлы-оқытушылық құрам, оның iшiнде 4 ғылым докторы және 197 ғылым кандидаты қызмет етiп келедi.
Солтүстiк Орал сырты Мемлекеттiк аграрлы университетi
Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжi
Жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау арнаулы орта бiлiм базасында қашықтықтан оқыту түрiнде жүзеге асырылады.
Осындай ынтымақтастықтың артықшылықтары мынадай:
- Оқыту Ресей Федерациясына шықпай-ақ жүзеге асырылады;
- Колледжде қашықтықтан оқыту Орталығы (30 орындық) ашылды, онда қажеттi құрал-жабдықтар орнатылды (14 компьютер), Ғаламтор қосылған, жуырда ҚР Бiлiм және ғылым министрi iс-сапармен болды. Студенттер барлық тапсырмаларды электрондық пошта арқылы алады, тест және емтихандарды тапсыру онлайн-сыныбында жүзеге асады, емтихан тапсыратын пәндер бойынша дәрiстер өткiзiледi, студенттер өз сұрақтарын университеттiң порталында қоя алады;
- Зертханалық-тәжiрибелiк сабақтар колледж базасында заманауи жабдықталған кабинеттер мен зертханаларда өткiзiледi;
- Колледж оқытушыларына университет оқытушыларымен өзара байланыс жасауға мүмкiндiк бар: жүргiзетiн пәндерi бойынша оқу-әдiстемелiк кешендер құру үшiн қажеттi, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жетiстiктермен тәжiрибе алмаса алады;
- Екiншi жоғары бiлiм алу мүмкiндiгi немесе оқуын магистратура, аспирантурада жалғастыра алады.
Қазiргi уақытта оқыту келесi мамандықтар бойынша жүргiзiледi:
- «Ветеринария»;
- «Агрономия»;
- «Агроинженерия»:
- «Орман ісі».
Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өндiрiсiнiң коммерциялық кәсiпорындарының, мемлекеттiк қызметкерлердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, мемлекеттiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмысшылары кадр даярлаудағы негiзгi құрам болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастықты одан әрi дамытудың негiзгi бағыттары бiлiмдiк кеңiстiктi кеңейту, нақтырақ:
- Колледж оқытушыларының Ресей Федерациясында тәжiрибе алмасуларын ұйымдастыру;
- Ресей университетiнiң ресурстары бойынша қашықтықтан оқыту жұмыстарын жалғастыру;
- Ресейлiк серiктестермен бiрлескен зерттеулердi өткiзу;
- Ресей Федерациясының бiлiмдiк ресурстарын студенттердiң пайдалана алуларын қамтамасыз ету;
- Колледждi бiтiрген және Ресей университеттерiнде бiлiмдерiн жалғастырғысы келетiн студенттер үшiн бiлiм гранттарын алу.
Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты дамыту бiлiм мен ғылым, өндiрiстен қол үзбей, аграрлық сектор мамандарын даярлауды жүзеге асырады, нәтижесiнде елiмiздегi агроөндiрiс кешенiн дамытудың негiзгi бағыттарын iске асыруды қамтамасыз етедi.
Солтүстiк Орал сырты Түмен мемлекеттiк аграрлық университетiне қабылдау ережелерi
Құжаттарды қабылдау арнаулы орта кәсiптiк бiлiм базасы негiзiнде қысқартылған түрде жүргiзiледi:
Мамандық |
Оқу мерзімі |
Оқыту бағыты (бейіні)/мамандандыру |
Білім беру бағдарламасы |
Агрономия |
3 жыл |
«Агрономия» |
бакалавр |
Ветеринария |
4 жыл |
«Ветеринарлық формация» |
специалитет |
Агроинженер |
3 жыл |
«Агробизнестегі техникалық жүйелер» |
бакалавр |
Орман ісі |
3 жыл |
«Орман шаруашылығы» |
бакалавр |
Өтiнiштердi қабылдау: 1 шілдесінен бастап 15 қазанға дейiн.
Талапкерлер оқуға қабылдануы үшiн тестiлеу түрiнде оқуға түсу емтихандарын тапсырады:
- «Ветеринария», «Агрономия» (биология, орыс тiлi);
- «Агрономия», «Агроинженер», «Орман iсi» (математика, орыс тiлi).
Өтiнiшке қоса мына құжаттар тапсырылады:
- диплом (қосымшасымен);
- төлқұжаттың көшiрмесi;
- 3х4 көлемiндегi 4 фотосурет;
- ЖОО түсушілер үшін дәрігерлік анықтама;
- АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне анықтамасы;
- мекен-жай анықтамасы.
Ресей Федерациясына шықпай-ақ «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжi» КМҚК базасында құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
Мекен-жайымыз: Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Покровка с., Құрылыс көшесi, 49.
Телефон: 87154323208.
Факс: 87154323208.
e-mail: eshk123@mail.ru